Қаскөйлер кәсіпкерге шабуыл жасап, 170 миллион теңгесін тартып алды

12:36, 20 қараша 2019

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Ақжар ауданы Талшық ауылында тонауға қатысты күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 19 қарашада шамамен 19 сағат 15 минутта белгісіз төрт қылмыскер "Талшық Астық LTD" ЖШС ғимаратына баса-көктеп кіріп, компания басшысына аңшылық мылтыққа ұқсас қаруды тақап, қорқытып, 170 миллион теңгеден астам ақша мен екі ұялы телефонды ұрлады, делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-тармағына сәйкес, "Қарақшылық шабуыл" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Бұл ашықтан ашық тонау қылмысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев пен облыстық прокуратурасы басшылығының жеке бақылауына алынды.

Жедел-іздестіру шараларына барлық патруль полициясы жұмылдырылып, аймақтық полиция бөлімдерінің түгеліне бағыт-бағдар берілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!