Қаскелеңде жеңіл көліктің терезесіне мінген жігіт қаруын көкке кезеп, оқ жаудырды

14:41, 24 қазан 2021

© Сурет: видеодан алынды

23 қазанда Қаскелеңде жеңіл көліктің терезесіне мінген жігіт жолдың қақ ортасында қарудан оқ атты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында үйлену тойы кезінде болғаны анықталды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полицейлер аспанға оқ атқан адамды анықтады, ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мерседес автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп бұзушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жауапкершілікке тарта отырып, автоколоннаның басқа қатысушыларын анықтау шаралары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!