Қаскелеңде әйел суретке түсем деп суға батып кетті

17:48, 17 шілде 2018
507

Қайғылы жағдай ұжым мейрамды атап өтіп жатқан демалыс орталығында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

«Суға батып кеткен әйелдің денесін іздеу жұмыстары үш сағатқа созылды, себебі ол оқиға болған жерден алысқа ағып кеткен. Су ағысы қатты болғандықтан және кеш қарайып кеткендіктен денені іздеп табу қиын болды», - дейді құтқарушы-медбике Екатерина Клочко.

Куәгерлер әйел суретке түсу үшін тасқа шығып, ары қарай құлап кеткенін айтты. Құтқарушылар таулы аймақта өте абай болу керектігін ескертті.

«Суға құлап кету бір-ақ сәттік нәрсе. Аяғыңыз тайып кетіп, суға ағып кетуіңіз мүмкін. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. Қайғылы жағдай кез келген сәтте болуы мүмкін», - деді ол.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!