Қашағанда жеке қазақстандық компаниямен Қытай компаниясы шарт жасаспаған

17:19, 15 қаңтар 2020

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жеке қазақстандық компаниямен Қытай компаниясы шарт жасасқаны туралы БАҚ-та таралған хабарламаларға қатысты бұл ақпарат шындыққа жанаспайтыны жөнінде хабарлаймыз, деген ақпарат таратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы жоба бойынша барлық мәселелер қаралу сатысында, бұл ретте ешқандай уағдаластық және келісімшарттар жасалған жоқ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған) және ҚР Энергетика министрлігінің үйлестірумен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл маңызды жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд м3 шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлық газдың қосымша көлемін ғана алмайды, сонымен қатар Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндіруге шектеуді алып тастайды.

Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мақсатында бүгінгі күні жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жобаның технологиялық күрделілігіне байланысты әртүрлі өндірушілерден жабдық қажет етіледі.

Жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін және барлық шарттарды келіскеннен кейін алда құрылысты, жабдықты жеткізушіні таңдауды, материалдарды таңдауды және т.б. қамтитын жобаны іске асыру тұр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!