Қаржы министрлігі салықтық есептіліктің жаңа нысандарын әзірледі
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Салықтық есептілік нысандарын, оларды толтыруға арналған түсіндірмені және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат жобасында төмендегілер көзделген:
- салықтық есептілік нысандары және оларды толтыру тәртібі жөніндегі түсіндірме;
- мемлекеттік кірістер органдары көрсететін "Салықтық есептілікті қабылдау" мемлекеттік қызметінің тәртібі;
- "Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтату және қайта бастау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл жобаны қабылдау салық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, салықтық жүктемені азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, жаңа тәсілдер қызмет көрсету уақытының қысқаруына, қолжетімділіктің, ашықтықтың және кері байланыстың артуына, сонымен қатар салық органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етпек.
Құжат әзірлеушілерінің пікірінше, жаңа салықтық есептілік нысандары салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара байланыс сапасын жақсартады.
Жоба 24 қазанға дейін көпшілік талқылауға "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты
-
15:52, 7 желтоқсан 2025
Қар мен көктайғақ: синоптиктер дүйсенбіде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті





