Қаржы министрлігі 1 150 млн еуроның еурооблигацияларын шығарды

10:32, 9 қазан 2019
286

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қаржы министрлігі жалпы сомасы 1 150 млнеурода еурооблигациялар шығарылымын табысты жүзеге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәміле шеңберінде еурооблигациялардың екі траншы шығарылды: айналым мерзімі 7 жыл және 0,6 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 500 млн еуро сомасында және айналым мерзімі 15 жыл және 1,5 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 650 млн еуро сомасында.

Осы транзакция шеңберінде Казақстан Республикасы тарихи төмен табыстылық мөлшерлемесі бойынша ақшалай қаражаттарды тартты.

Мысалы, 7-жылдық еурооблигациялар бойынша купондық мөлшерлеме ұқсас BBB рейтингісі бар дамушы елдер ішіндегі мемлекеттер арасында рекордттық төмен деңгейде қалыптасқанын атап өту қажет.

Осы шығарылым шеңберінде Қазақстан Республикасы 15 жылдық еурооблигацияларды орналастырып, ТМД елдері арасында бұрын шығарылған еурода номинацияланған ең ұзақ мерзімді қарыздық бағалы қағаз болып табылады.

Халықаралық инвесторлардың жоғары сұранысы мен Қазақстан Республикасына жоғары сенімнің арқасында, еурода деноминацияланған Қазақстан Республикасының кірістілік қисығы жоғары несиелік рейтингке ие басқа дамушы елдердің кірістілік қисығымен салыстырғанда, төмен қалыптасты.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының Қор биржасында қосарланған листингпен шығарылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!