Қарулы күштер парадқа даярлықты бастады

15:55, 17 сәуір 2018
1338

Қазіргі уақытта «Отар» 40-шы әскери базаның территориясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери бөлімдері және әскери техника жиналып жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Матыбұлақ» полигонында Отан қорғаушылар күні қарсаңында армиялық құрылымдар Қазақстанның Қарулы күштері қолданатын тактикасы мен заманауи қару түрлерін, әскери техникасын қолдануды көрсетеді.

2018 жылы Әскери парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметкер, 300 әскери қару және әскери техника, 30-ға жуық ұшатын аппарат қатысады.

Жаттығу барысында парадқа қатысушылардың амандасуы, туды алып шығуы, сонымен қатар жеке құрамның салтанатты шеруі нақтыланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!