Қаражартас қорымынан табылған Сарыарқа пирамидасы қалыпқа келтірілді

23:36, 20 қыркүйек 2017
1879

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзенінің бойынан қола дәуіріне тиесілі таңғажайып пирамиданың орны табылғанын өткен жылы арнамыздан сүйіншілеп хабарлаған едік. Ала жаздай мұнда қалпына келтіру жұмыстары жүріп, жуырда ғана аяқталды.

Енді маңайы қоршалып, абаттандырылмақ. Бұған қазынадан 5 миллион теңге қаржы бөлінді. Ескерткіш мемлекет қорғауында. Таяуда бұл Қаражартас қорымы киелі жерлердің облыстық картасына енген. Археологтар қазба жұмыстары кезінде осыдан 3200 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың сүйегін және олардың қолданған тұрмыстық заттарын тапқан болатын. Арасында қыш құмыра, қару-жарақ бар.

 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!