Каратэші Жоламан Биғабыл 2025 жылғы Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

21:30, 11 қараша 2025

© Сурет: olympic.kz

Каратэші Жоламан Биғабыл Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Жоламан қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте БАӘ спортшысы Абдалла Хаммадпен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!