Каратэден әлем чемпионы жол апатына түсіп, көз жұмды

10:54, 20 тамыз 2019
432

23 жастағы жас спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каратэ Годзю рюден әлем чемпионы Бауыржан Жұман жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы журналист Ұларбек Дәлейұлы Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды.

"Бекзат ағасының соңынан кетті. Бүгін таңға жуық Каратэ Годзю рюден Әлем чемпионы, Европа чемпионы, болашағынан зор үміт күттірген азамат - 23 жастағы жас спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан көз жұмды. Жатқан жерің жайлы, иманың саламат болғай, батыр ұл!" - деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!