«Қарапайымдылық пен адалдық». Димаш Қонаевтың сөзін бөлісіп, елді риза қылды

09:26, 11 қараша 2019

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Дінмұхамед Қонаевтың көзі тірісінде айтып кеткен бір ауыз нақыл сөзін жариялауды жөн тауыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Күнделікті өмірде де, жұмыста да үш қасиетке арқа сүйедім. Олар – қарапайымдылық, адалдық, табандылық. Екі нәрсені: "Ақылдан сабыр артық, теңдесі жоқ байлық – қанағат" деген шығыс даналығын жадымда ұстадым. Қандай жағдай болмасын, сабыр сақтап, мейлінше қарапайым болуға ұмтылдым, деген Димекеңнің сөзі екен.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

!!!

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) 8 Ноя 2019 в 5:30 PST

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – кеңестік партия және мемлекет қайраткері.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев "Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін" деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!