Карантиндегі оқу. Ақтөбеде ашулы ата-ана Whatsapp арқылы мұғалімдерді ысқыртып балағаттаған

10:57, 27 қараша 2020

Ақтөбеде мұғалімдерді балағаттаған ата-анаға айыппұл салынды. Бұл – педагогтардың мәртебесіне қатысты қабылданған заң аясында елімізде ата-анаға қолданылған алғашқы жаза, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбелік келіншек баласына төмен баға қойған ұстаздарды whatsapp желісінде зығыр қылған. Аузына келгенін айтып Мұхтар Арын атындағы орта мектептің бес мұғалімін балағаттайды. Дереу тоқсан қорытындысын түзетіп, өте жақсы деген баға қоюды талап етеді. Ата-анадан жаппай дөрекі сөз естіген педагогтар жайын естіген білім сапасын бақылау департаментіндегілер тексеруге кірісіпті. Бұрын мұғалімдер қанша жерден балағаттаса да, ата-анаға қарсы ауыз аша алмайтын еді. "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғалы көзіміз ашылды, - дейді ұстаздар. Онымен қоса ата-ананың дыбыстық жазбасы айыппұл салуға дәлел болған.

Бұлбұл Күзембаева, Ақтөбе облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- Дәлелдеме құжаттарды қарай келе, ата-ана тарапынан педагогтарға қатысты құрметсіздік көрсеткені, сонымен қатар былапыт сөз айтылғаны, бестік бағасын қою туралы қорқытқан фактілер whatsapp желісінде дәлелденді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!