Карантинде концерт ұйымдастырған Rixos Ақтау қонақүйіне айыппұл салынды

14:55, 15 сәуір 2021

© Сурет: 24.kz

Карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін Rixos Water World Aktau қонақ үйінің иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Лада басылымының хабарлауынша, қонақ үй иесі концерт ұйымдастырғаны үшін 2 миллион 333 мың теңге айыппұл төлейді.

Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ кешен иесіне карантиндік талаптарды бұзғаны үшін хаттама толтырып, түсініктеме алды, өйткені қаладан 20 шақырым қашықтықта теңіз жағалауында орналасқан курорттық аймақта концерт өткен, оған көп адам барған, - делінген хабарламада.

Сәуір айының басында, коронавирус пен шектеулерге қарамастан, осы қонақ үйде "Ирина Кайратовна" қазақстандық тобының концерті өтті. Әлеуметтік желілерде топтың өнер көрсеткен видеолары пайда болды.

Бұл қонақ үйдің мониторинг тобының назарына ілігуі бірінші рет емес. 2020 жылдың тамызында медициналық дәрігерлер қонақ үй аумағына үш рет кіруге әрекеттеніп, ақыры кіре алмай кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!