Карантинде халық банкоматтардан орташа есеппен 47 мың теңгеден алды

09:59, 3 маусым 2020
531

2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында төлем карточкаларын ұстаушылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сомасы бойынша 53%-ға, ал саны бойынша 72%-ға артық, 12,3 трлн теңге сомасына 714,6 млн операция жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялардың жалпы көрсеткіштегі бөлігі 2019 жылдың осындай кезеңіндегі 39%-дан 62%-ға дейін ұлғайған.

Алайда, ағымдағы жылдың сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар көлемінің 21%-ға азаюы байқалады. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялар 18%-ға, ал қолма-қол ақша шешу операцияларының көлемі 25%-ға қысқарған. Бұл елдегі карантинге байланысты енгізілген шектеулер нәтижесіндегі халық белсенділігінің азаюы себебінен болып отыр.

2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі мен саны - 7,6 млрд теңге сомасына 615,3 млн транзакцияны құрады. Өткен жылдың осындай уақыт аралығында бұдан екі есе аз операция жүргізілген болатын. Негізінен қолма-қол ақшасыз операциялар онлайн каналдар бойынша жасалған: банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 48,7 млрд. теңге сомасына 2,6 млн операция жүргізілген. Төлем карточкаларын ұстаушылар күніне орташа есеппен 5,1 млн қолма-қол ақшасыз және 827 мың қолма-қол ақша шешу операцияларын өткізген. Бір қолма-қол ақшасыз операцияның орташа сомасы 12 298 теңгені құраса, қолма-қол ақша шешу операцияларының орташа сомасы 47 598 теңгені құраған.

Төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар динамикасы:


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!