Карантин бұзушылардың аты-жөні жарияланған мақалаға қатысты министр пікір білдірді

17:30, 23 шілде 2021
371

© Сурет: zakon.kz

23 шілдеде Алматыда "қызыл" белгіге ие карантинді бұзушылардың аты-жөні жарияланды. Бұл дербес деректер туралы заңды бұзатын-бұзбайтындығына қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр ведомствааралық комиссия адвокаттармен кеңесіп, сарапшылар келтірген кейбір пункттерді оқып бергенін айтты. Оның айтуынша, коронавирус - бұл басқаларға қауіп төндіретін ауру. COVID-19 жұқтырған науқастардың қолына карантинді сақтау керектігі туралы қолхат беріледі. Онда жеке деректерді өңдеуге берілген келісім қарастырылған.

Конституция азаматтардың денсаулық сақтау құқығын да қамтиды. Бұл ұжымдық қауіпсіздік және өзгелерге ауру жұқтыру қаупі бар азаматтар үшін де жасалады - егер олар ауруханадан тыс жерде емделсе, онда үйде болулары керек, - деді Алексей Цой.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!