Қарағандылықтар жұмыстарына жаяу барды. Қалың қардың әлегі

09:48, 2 наурыз 2021
325

© Сурет: Астана ТВ

Қарағандыда 1 наурызда бір айлық мөлшердегі қар бір түнде жауа салған. Қала ақ ұлпаға көміліп, жауын-шашын күні бойы қозғалысты тежеген. Үй алдында қарға көмілген көліктер жолға шыға алмаған. Ал коммунальдық қызмет тас жолдың өзін тазалауға үлгере алмады. Қарға батқан автобусты жолаушылардың өздері итерген. Көбісі жаяулатып жүмысқа баруға мәжбүр болған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тіпті көліктер жаппай апатқа ұшырапты. Қала тұрғындары жұмысқа бара алмай қалған. Ал қарға батқан қоғамдық көліктерді жолаушылардың өздері тартып шығаруға мәжбүр болды. Жанкешті қарағандылықтар жұмыстарына жаяу жүріп әрең жетті. Тіпті қалың қарда он шақырымды артта тастағандар да бар. Қарағанды көшелерімен, әсіресе тар бөлігінде жүру мүмкін емес. Мәселен, Михаил Набиев көлік астындағы ұлпа қарды тазарту үшін бір сағатан астам сабылды. Мұндай сәтте басты қару - үлкен күрек,-дейді қала тұрғыны.

Михаил НАБИЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Күрек пен тросты байқап көрдім. Жағдай қиын, алайда шығар амал бар ма? Қаланың орталық көшелері қалыпқа келіп қалыпты. Бірақ, үйдің ауласына кіру мұң болып тұр.

Қарды тазартуға 300-ден астам техника жұмылдырылған. Қазірдің өзінде 4 мың текше метр қар шығарылыпты. Синоптиктердің болжамынша, Орталық Қазақстанда жауын-шашын демалыс күндеріне дейін жалғаспақ.

Шарапдин ТҮСІПОВ, КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Күнде тазартып келе жатырмыз. Бірақ, үлгермей жатырмыз. Қар көп, қыс бойы тазартып келе жатырмыз.

Ал Нұра ауданы мен Шұбаркөл ауылының маңында жағдай мүлде қиын. Ахуалды пайдаланып, ұрлық жасағандар да кездеседі. Төтеншеліктер жағдайды бақылауына алатындарын жеткізді. Олардың дерегінше әзірге Қарағанды бағыты бойынша жолдар ашық. Алайда Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға ауа райының өзгеруі туралы хабарламаларды қадағалауды сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!