Қарағандыға пойызбен 32,5 кг гашиш апарған адам ұсталды

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынғанын айтты.
Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау керектігі түсінікті болды. Ал таңғы сағат 5:00-те күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Жол сөмкесі тәркіленіп, ішінен 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет табылды. ҚР Ішкі істер министрлігі
Ведомство тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшерге жататынын атап өтті. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу мүмкін екені нақтыланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды