Қарағандыда Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері ұсталды

13:59, 2 сәуір 2020

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің бас маманына, осы бөлімнің сектор меңгерушісі мен риелторға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас маман делдал – осы бөлімнің сектор меңгерушісі арқылы қосымша жер телімін бөлу бойынша оң шешім шығару үшін риелтордан 100 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болды.

Сонымен қатар, аталған факт бойынша осы мемлекеттік мекеменің сектор меңгерушісіне парақорлыққа делдалдық фактісі бойынша және риелторға қатысты пара беруге арандату фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!