Қарағандыда жауған бұршақтың соңы қарға ұласуы мүмкін

16:55, 23 мамыр 2018

Қарағанды облысында дауыл тұрып, бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 мамырда Қарағанды облысының аумағында күні бойы жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел соғады. Жауын жауады, соңы қарға ұласуы мүмкін», - деді Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» РМК мамандары.

Синоптиктердің айтуынша, ертең 24 мамырда Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ашық күн райы күтілуде. Күндіз өңірде ауа температурасы 17-22 градус жылы болады.

Өңірдің солтүстік бөлігінде температура 3 градусқа дейін суытады. Облыста секундына 15-20 метрге дейінгі жел сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!