Қарағандыда 3 жасар баланы ұрлап, өлтірген күдікті ұсталды

09:35, 9 қыркүйек 2019

Қарағанды ​​облысында шешесінің танысы ұрлап кеткен 3 жасар бала өлі табылды. Баланы өлтірген күдікті де ұсталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде мәлімет тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы өз бетімен іздеген жандардың айтуынша, бала тұншыққаннан көз жұмған болуы мүмкін. Ал күдікті 8 қыркүйекте Қарағанды қаласының вокзалында ұсталды.

Айта кетсек, бала 5 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауылында жоғалып кетті, оны анасының танысы ұрлап әкеткен. Әйел мен ол ер адамның арасында баяғыдан дүрдараздық болған. Сондықтан ол дүкен алдында әйелдің қолындағы баланы тартып алып, қашып кеткен. Бірден полицияға бұл жайт хабарланып, құқық қорғау органындағылар шұғыл іздестіру шараларын ұйымдастырды. Облыстың ішкі істер органдарының барлық құрамына нұсқаулық берілді.

Сондай-ақ, Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті басшысы мен еріктілер бастаған 200-ден аса адам жедел-іздестіру шараларына жұмылдырылды.

Кейбір деректер бойынша, ұсталған 23 жастағы күдікті Сопыжанов баланың анасымен 2014 жылдан бері таныс әрі жақын қарым-қатынаста болған. Бірақ екеуі әйелдің туысқандары наразы болған соң екі жаққа ажырап кеткен. Бұған ыза болған ер адам әйелдің тәтесін балтамен бір қойып, сол қылмысы үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрмеде 4 жылын өткізген ол мерзімінен бұрын жақында ғана босап шыққан екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!