Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері 150 мың теңге жәрдемақы алады

14:12, 18 сәуір 2018
327

Қарағандыда жеңіс күнінің құрметіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары 150 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Today.kz.

"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы" мемлекеттік басқармасының мәліметінше, қалада Ұлы Отан соғысына қатысқан 66 ардагер, тыл жұмысына қатысқан 323 адам тұрады.

Тыл жұмысында еңбек еткендер мен соғысқа қатысқан әскерлердің әйелдері мен жесірлері 10 мың теңге жәрдемақы алады.

Қаражат олардың банк шоттарына аударылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!