Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ ауыздықталды

09:41, 26 қазан 2020

Қарағандыда екі жылдан астам уақыт бойы заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейінгі аралықта 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын пункттерін ұйымдастырып, құрды. Олардан келген кірістің мөлшері 16 миллион теңгеден асқан. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 200-ге жуық ойын жабдықтары заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!