Қарағандыда төрт жасар бала құтқарылды
© Сурет: видеодан алынды
Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің алтыншы қабатында жабық пәтерде кішкентай бала қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, әжесі үйден аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік іштен жабылып қалған.
"Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Пәтерге кіру үшін өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, бөлмеге балкон арқылы кіріп пластикалық терезені арнайы құралы арқылы ашты. Бөлмелердің бірінде шынымен бала болған. Қуанышымызға орай, төрт жасар бала медициналық көмекке мұқтаж болмады және аман-есен туыстарына тапсырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 29 қараша 2024
Екібастұзда «мектеп маңын торуылдап жүр» деп айыпталған ер адамның кім екені анықталды
-
22:17, 29 қараша 2024
Полицейлер ел азаматтары атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген қылмыстық топты әшкереледі
-
21:50, 29 қараша 2024
Астанада Рашид-ад-Дин мен Рузбихан еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті
-
21:05, 29 қараша 2024
«Қар, жаңбыр, көктайғақ». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:42, 29 қараша 2024
Асхат Аймағамбетов қымбатшылықтың қай жақтан келуі мүмкін екенін айтты