Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды

15:15, 14 сәуір 2021
959

© Сурет: inform.kz

Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 14 сәуірде сағат 14.15 уақытында Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөліміне вокзалға кіре берістен қараусыз жатқан қорап табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы ақпаратты алғаннан кейін желілік полиция қызметкерлері теміржол станциясының іргелес аумағын қоршауға алды. Жедел әрекет ету қызметтері хабардар етілді, - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Ғимараттан 60 адам эвакуацияланды.

Тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа ақпаратты қосымша хабарлайтын боламыз, - деп атап өтті полициядағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!