Қарағандыда полицейлер кепілдіктегі кішкентай бүлдіршінді құтқарды

18:18, 19 сәуір 2019

17-ші сәуір күні сағат 15:20-да 102 телефонына 34 жастағы қала түрғыны отбаслық жанжал салдарынан туысқандарын қуып шығып, өзінің  кішкентай қызын үйде кепілдікке алғаны туралы ақпарат түсті. 

Пәтерге полиция қызметкерлері келгенде азамат өзінің қызын өлтіретінін мәлімдеген. Баланың өміріне қауіп төнгенін байқаған полицейлер келіссөз жүргізуді бастаған.

Полиция қызметкерлерімен оқиға орынына азаматтың туысқандары шақыртылса да, олардың баланы босату туралы өтініштері де қанағаттандырылмады. Арада біршама уақыт өткен соң ол автокөлік талап етіп, қаладағы Орталық мешітке баратынын жариялады. 

Полицейлер оның талабын орындады. Пәтерден күдікті бір қолына қызын, бір қолына баланың мойынына тіреген пышақ ұстап шықты. Автокөлік арнайы ілеспе көліктермен мешікте бағыт алған мезетте, барар мекенжайға жедел қызметтер топтастырылып, мешіттің айналасы қоршауға алынды. 

Мешіт ішіндегі келіссөздерге полиция қызметкерлерімен бірге имам да араласты. Азамат қызының мойынына пышақ кезеген күйде ешқандай келсімге келген жоқ. Алайда, бірнеше мезеттен кейін ол өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып, аталған азаматты полицияның келіссөз жүргізушілері баланы босатуға көндірді. 

Шапшаң іс-қимыл танытқан полицияның арнайы жасақ қызметкерлерінің арқасында азаматтың тұтқындағы баланы босатқан бойда өз-өзіне қол жұмсау әрекеті орын алмады. 

Күдіктіні  ұстау кезінде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және азаматтың назарын аударып, жедел ұстау операциясын тиімді өткізу мақсатында полиция қызметкерлерімен бос патронды табельдік қару қолданылды. 

Ұсталған азамат полицияға жеткізілді. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Аталаған факті бойынша ҚР ҚК 261 бабының 2 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!