Қарағандыда оқ-дәрі шығаратын зауыт салынады

15:27, 19 ақпан 2017

Бұл туралы өндірісті өңірге сапары барысында еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, бүгінде кемшіліктер жойылып, жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. 

Дегенмен жерасты суының көтерілуі құрылысқа кедергі келтіріп отыр. Соның салдарынан негізгі цех пен кешеннің іргетасына өзгерістер енгізілмек. Ол үшін қосымша қаржы қажет. 

Айта кетейік, оқ-дәрі шығаратын жаңа зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Кәсіпорын жылына 30 млн бірлік өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны 20 млрд теңгеден асады. 

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

-Зауыт отандық шикізатты пайдалануға бағытталған. Бірақ біз латунды лентаны шығаратын қазақстандық технологиялық жабдықты ескермедік. Демек сапа тиісті деңгейде емес. Сондықтан қазақстандық кəсіпорындардағы технологиялық жабдықтарды жетілдіру мəселесін де шешу қажет.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!