Қарағандыда 107 млн теңге жымқырған мердігерлік ұйым басшысы тергеулде

13:06, 7 тамыз 2020

Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы "DCT Kazakhstan" ЖШС директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қадағалаушы орган кәсіпорын басшысының 2018 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын ұрлауда күдікті екенін атап өтті.

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге сомасында зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ЖШС-нің директоры сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Қарағанды облысының прокуратурасы


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!