Қарағандыда мешіттен бірнеше рет зат ұрлаған күдікті ұсталды

12:14, 17 тамыз 2022
124

© Cурет: Zakon.kz

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Мешіт ішінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарау барысында полицейлер қылмыс жасап, ізін жасырған жас жігітті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу мешітте болған сәтінде құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап әкеткені туралы хабарлаған.

10 тамыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері оның осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығы барын анықтады.

Мысалы, күдікті 30 шілде күні тағы да мешітке кіріп, ішінде құжаты бар қол сөмке, банк картасын және ұялы телефон ұрлаған. 37 жастағы жәбірленуші аталған заттарды терезе алдына қойып қойған. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күдікті заттарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 115 мың теңге болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!