Қарағандыда мектеп оқушысынан сірлі менингит анықталды

10:22, 14 қыркүйек 2018

Қарағандыда жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы сірлі менингитімен сырқаттанған. Дәрігерлердің айтуынша, сырқаты қауіпті емес. Оны менингококк инфекциясымен шатыстыруға болмайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында орналасқан №102 мектептің оқушысынан сірлі менингиті анықталып, қыз бала жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті қызметкерлерінің айтуынша, менингит анықталған қыз баланың жағдайы қалыпты. Қазір ол стационарлық ем қабылдап жатыр. Емделушінің қалай сырқаттанғаны әзірге белгісіз.

«Оқушы стационарлық бөлімде ем қабылдап жатыр. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бас ауруы, шүйде бұлшықетінің тырысуы байқалмайды. Зертханалық тексеріс нәтижесі бойынша балаға вирустық менингит диагнозы қойылды», - дейді Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қыз бала оқыған сыныпта эпидемияға қарсы шаралар жасалуда. Менингит анықталған баламен байланыста болған басқа оқушылар медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялау шаралары күшейтілді.

Мамандардың айтуынша, сірне немесе вирусты менингит елімізде жыл сайын есепке алынады және ол қандай да бір қауіп төндірмейді. Сірне менингитінің белгілері қарапайым тұмауға ұқсас. Сырқаттарда жөтел, ринит болады, тамағы қыжылдайды.

«Облыста менингиттің ауыр түрімен сырқаттанғандар тіркелген жоқ. Ауруханаға түскендердің барлығы менингитті асқындырмай, уақтылы көмекке жүгінген. Бұл уақтылы емдеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Менингит шыққан білім ордасында карантин жарияланған жоқ. Оқушылар қалыпты режимде білім алуда. Дәрігерлер алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!