Қарағандыда 5 күн бұрын жоғалып кеткен дәрігер табылды

15:47, 24 наурыз 2018

Жоғалып кеткен анестезиолог дәрігер Денис Ромашков Қарағанды облысының криминалдық полициясының іздеуімен табылды. Қазір ол полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоғалған Денис Ромашков бүгін Михайлов бөлімінің криминалдық полициясының іздеуі арқасында табылды. Ер адам аман-есен, бөлімге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ромашковтың әйелі мен волонтерлер де дәрігердің табылғаны туралы ақпаратты растады. Полиция бөлімінде түсінік берген соң ол отбасына оралады. Оның не себепті ұзақ уақыт із-түссіз жоғалып кетуі әзірше белгісіз.

«БАҚ-тағы ақпарат пен әлеуметтік желілердің арқасында бізге қаладағы қонақ үйлердің бірінен хабарласты. Олар жоғалған азамат қонақ үй тұрғындарының тізімінде басқа фамиялмен тіркеліп тұрғанын айтты. Біз бұл жөнінде жоғалған азаматтың туыстарына хабарладық. Соның нәтижесінде жоғалған азамат табылды», - дейді волонтерлер.

Еске сала кетсек, 41 жастағы анестезиолог дәрігер іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Ер адам 18 наурыз күні өз үйінің ауласынан ізім-қайым жоғалып кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!