Қарағандыда екі баланың өліміне қатысы бар деп айыпталған дәрігер ісіне қатысты жаңа деректер шықты

09:41, 19 сәуір 2018

Қарағандыда екі баланың өліміне қатысы бар деп айыпталған анестезиолог дәрігер тісін емдетуге келген сәбиге пайдалануға болмайтын препарат қолданған. Бұл туралы astanatv.kz облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанат Жақсыбаева, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бас маманы: Анестезиолог тарапынан анестезиологиялық жәрдем беру үшін бірнеше препараттар заңсыз қолданылған. Оларда емшектегі жастағы балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері бар, яғни "Брюзепам" 3 жасқа толмаған балаларға қолдануға қарсы көрсетілген. "Профол" 16 жасқа дейін қолдануға болмайды

Қазір дәрігер Марина Наумованың препараттарды неліктен әкелгені тексеріліп жатыр. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әйелдің науқастарға анестезия жасауға рұқсат сертификатын қайтарып алды.

Еске салсақ, осыдан екі ай бұрын тіс емханасына келген 2 жасар ресейлік Семен Арзамасцев қайтыс болған. 2 жыл бұрын басқа емханада Наумова емдеген 13 жасар қыз баланың да дәл осылай қаза тапқаны да анықталды.

Анестезиологқа қатысты ҚК-тің 317- інші, яғни «медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен қылмыстық іс қозғалды.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!