Қарағандыда 85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды

14:50, 17 қаңтар 2019

Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны кенді өңірде және Астанада соңғы үлгідегі ұялы телефондар сататын фирма ашқан. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, тұтынушылармен келісімшарт жасап, тауар құнын алдын ала толықтай алып отырған. Кездесу кезінде оларға жалған құжаттарын, буклеттерін, әлеуметтік желідегі сайттарын көрсетіп, әбден сеніміне кірген.

Алайда тауар келуі тиіс кезде кеденде кешігіп жатқанын сылтауратып, уақытты созып келген.

Кейін мүлдем іздерін суытып отырған. Аз ғана уақытта алаяқтар 85 адамды тақырға отырғызып, 50 миллион теңгені қолды қылыпты.

Қазір күдікті қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Авторы: Ардақ Асылханұлы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!