Қарағандыда Абай көшесі атауына наразылық білдіруші астыртын әрекет жасап жүр
© Сурет: istoriki.su
Қарағандыда әлемдік пролетариат көсемінің суретін салған адам іздестіріліп жатыр. Белгісіз суретші қала ортасындағы бұрынғы Ленин, қазіргі Абай көшесіндегі үйге "қызылдар" көсемінің суретін қайта-қайта салып, биліктегілердің мазасын қашыруда, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.
"Бұл менің көшем" деген жазуы мен көсемнің бейнесі бар сурет Абай көшесіндегі №21 үйде 10 күн бұрын салынған. Оны тұрғындар үстінен бояп көзін құртқан. Алайда екі күн бұрын тура сол орында Лениннің суреті тағы пайда болды. Бұл жолы суретті қала әмідігінің өзі өшірді. Қазір полиция суретшіні іздеп жатыр. Аталған көше осыған дейін Лениннің атымен аталған. Былтыр көшенің атын Абайдың атына ауыстыру меселесімен қоғамдық тыңдалым өтті. Нәтижесінде коммунистер қанша туласа да, дауыс басымдығымен көшеге ұлы Абайдың есімі берілген. Қала билігі Абай көшесінде Лениннің суретінің пайда болуынан саяси астар көрмейтінін айтады.
Нұрлан Рыстин, Қазыбек би ауданының әкімі:
Мұнда саяси астар бар деп айта алмаймын. Атын шығарғысы келіп хайп қуып жүргендердің ісі болуы мүмкін. Бұл көшедегі үйлердің сырты былтыр ғана жөнделген. Көшенің сәнін бұзбау үшін соларға айтып, суреттің бетін сырлаттық. Полицияның қолына түссе, ойында не болғанын сұраймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:41, 29 наурыз 2024
Қостанай облысындағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылды
-
18:30, 29 наурыз 2024
Жетісу облысындағы су қоймасында қаза тапқан балықшының мәйіті табылды
-
18:18, 29 наурыз 2024
Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды
-
17:56, 29 наурыз 2024
Полиция WhatsApp арқылы тұрғындарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады
-
17:40, 29 наурыз 2024
Жамбыл облысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін автобустармен балалар тасымалданған