Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған топ ұсталды

13:49, 29 маусым 2020

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барасында 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сатпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналасқан 4 адамнан тұратың ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160 аса бірлік жиынтығы тәркіленіп алынып, қылмыстық әрекеттен келген табыс 16 млн теңгеден астам соманы құрады.

Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүгізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!