Қарағанды облысында үш автобусқа қаскөйлер оқ жаудырған

10:56, 9 қазан 2019
310

Қарағанды ​​облысында үш автобусқа қаскөйлер пневматикалық қарудан оқ жаудырған, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 8 қазан күні кешкі сағат 19-00 шамасында 45 квартал аумағында жолаушылар автобустарына бұзақылар пневматикалық қарумен оқ жаудырып, әйнегін сындырған.

"Оқыс оқиға болған кезде № 40 автобустың ішінде шамамен 40-45 жолаушы, №45 автобуста 120-ға жуық жолаушы, ал №33 автобуста 60-70-ке жуық жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", делінген ресми хабарламада.

Тексеру кезінде оқиға болған жерден, атап айтқанда №45 автобустың еденінен полиция қызметкерлері диаметрі 4,5 мм болатын домалақ металды тауып алып, оны тәркіледі. Бұл - пневматикалық қаруда қолданылатын оқ.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-тармағы, 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау, оларды ұстау үшін шаралар қабылдап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!