Қарағанды облысында «лауазымды қызметті» саудалаушы алаяқ ұсталды

10:11, 13 тамыз 2020

Алаяқ жоғары лауазымды қызметті Қарағанды ​​облысының тұрғынына "сатпақ" болған, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамызда 40 жастағы қала тұрғыны Сәтбаев қаласының полиция бөліміне арызданды. Ол өзінің алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың көктемінде зардап шегуші жоғары жалақы төлейтін жұмыс іздейді. Сол кезде оған бір адам беделді компаниядан жоғары лауазымды қызметке орналастыруға ықпал ете алатынын айтқан. Сондай-ақ жоғарыда байланысы мықты аға-көкесі бар екенін, сондықтан бұл жағынан уайымдамауын жеткізген.Сөйтіп ол бұл қызметі үшін 300 мың теңге сұрайды.

Жәбірленуші осы айтқаннын бәріне сеніп қалған. Ақырында әлгі адамның өолына сұраған ақшасын ұстатады. Ал ақшаны алған адам "әне-міне шешіліп қалуы керек" деп уақытты созып, ақырында телефонын өшіріп тастайды. Жәбірленуші сол кезде алданғанын бір-ақ түсініп, полиция көмігіне жүгінеді.

Полицейлер бұл оқиғаға қатысты 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның мұндай заңсыз әрекетпен бұрыннан айналысатыны белгілі болды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!