Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 49 науқас туралы мәлімет

09:49, 28 мамыр 2020

27 мамырда Қарағанды ​​облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 49 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі мемлекеттік комиссия мәліметтері бойынша, 49 науқас алдында ауру жұқтырғандардың байланыс ортасында жүргізілген диагностика кезінде нақтыланды.

Анықталған 32 науқас - Қарағанды, 6 - Теміртау, 5 - Саран, 1 - Жезқазған және Шет ауданының 5 тұрғыны.

Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ем-дом жүргізіліп жатыр. Дезинфекция шаралары індет ошақтарында жүргізілді. 27 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ жұқтырудың 754 жағдайы анықталды, оның ішінде 3 науқас қайтыс болды, ал 204 науқас емделіп, ауруханадан жазылып шықты.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек КВИ жұқтырушылардың күрт артуын тек тұрғындар арасында тексерудің жаппай өтіп жатқанымен ғана емес, сонымен қатар карантин режимін бұзу салдарынан орын алуда екенін айтқан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!