Қарағанды облысына ковидқа қарсы 24 мыңға жуық доза вакцина жеткізілді

15:32, 9 сәуір 2021
324

© Сурет: gov.kz

Қарағанды облысында 10 сәуірде коронавирустық инфекциядан халықты иммундаудың кең ауқымды науқаны басталады. 18 жастан асқан барлық адамдар екпе ала алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, аймаққа 23 740 доза вакцина келіп түскен.

- Алдағы үш күнде тағы 55 мың доза түседі. Бұрын 30 егу кабинеті бар 13 вакцинация орталығы жұмыс істейтін. Қазір біз вакцинаны біртіндеп орталық аудандық ауруханаларға, аудандарға және басқа қалаларға таратамыз. Барлық қарағандылықтар тұрғылықты жері бойынша екпе ала алады, - деп түсіндірді Бибігүл Төлегенова.

Иммундау Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген "Спутник-V" вакцинасымен жүзеге асырылады. Бір флакон 5 адамға шақталған, сондықтан алдын-ала жазылу қажет.

Вакцинациялауға өтінімді тіркелген жері бойынша емханада телефон арқылы, сондай-ақ eGov mobile мобильдік қосымшасында ("вакцинациялауға жазба") беруге болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір