Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
© Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды Вадим Басин атқаратын болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұрын ол "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Жаңа лауазымда ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Өзінің жаңа орынбасарын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте таныстырды.
Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1985 жылы "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы "Өнеркәсіптік электроника" мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады.
Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2003 жылы "Испат-Кармет" АҚ бас энергетигі болды.
2011 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды.
2013 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.
2017 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Вадим Басин "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие, "Отан" және "Құрмет" ордендерімен марапатталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 20 сәуір 2024
Петропавлда гуманитарлық көмектің ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан әйел жауапқа тартылды
-
13:16, 20 сәуір 2024
Сүйінші! «Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды
-
12:55, 20 сәуір 2024
Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, артынша оны жетінші қабаттан лақтырып жіберген
-
12:40, 20 сәуір 2024
Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады
-
12:00, 20 сәуір 2024
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі есірткі зертханасы табылды