Қарағанды билігі алимент төлемеген еркектің автокөлігін тартып алды

11:30, 21 қаңтар 2021

Қарағанды қаласында Қазыбек би ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылар палатасымен және полиция басқармасымен бірлесіп алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты рейдтік іс-шаралар бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір облыс орталығындағы сот орындаушыларының өндірісінде осы санаттағы 21 мыңдай іс бар, олардың 87% алиментті өз еркімен төлеуде. Қалғандары бойынша жиналған қарыз сомасы 300 мыңнан 5 млн теңгеге дейін құрап отыр. Рейд өз балаларын асырауға ақша беруге асықпайтын қаскөй борышкерлердің автокөліктерін іздеуге және ұстауға бағытталған.

Атап айтқанда, осы іс-шара барысында 2018 жылдан бері қарызы 3 млн теңгеден асқан борышкердің "Volkswagen Passat" маркалы автокөлігі алынып, айып тұрағына қойылды. Төлемеушіге берешек ерікті түрде он күндік мерзімде өтелмеген жағдайда мүлік сатуға беріліп, алынған ақша алименттік борышты өтеуге жұмсалатыны ескертілді.

Бұл санаттағы адамдарға қатысты рейдтік іс-шаралар бұдан әрі тұрақты түрде өткізілетін болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!