Карацевті қағып тастады: Бублик Мадридте ширек финалға шықты

17:20, 6 мамыр 2021

© Сурет: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен күш сынасты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте А.Бублик үш бірей брейк-пойнтын пайдалана алмады. Дегенмен сетболда мұндай мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екінші сетте әуелі А.Карацевтің брейк жасайтын мүмкіндіктері болғанымен, оған Бублик жол берген жоқ. Есесіне есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды. Сосын өз геймін алып, есепті 4:1-ге жеткізді. Ақыры матчты эйспен бітірді – 6:3.

А.Бублик 1 сағат 15 минутқа созылған матч барысында 14 эйс жасады. Бублик биыл осымен екінші рет мастерс турнирінің ширек финалына шығып отыр. Бұдан бұрын Майамиде де осындай табысқа қол жеткізген еді.

Қазақстандық теннисші жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын айтулы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 22-сатыдағы норвегиялық Каспер Руудтың біреуімен таласады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!