Қара шаңыраққа талас: Бағила шешесін ұрмағанын айтып, ант-су ішті

11:33, 19 қаңтар 2021

Шымкентте егде жастағы әйелді ұрып-соғу оқиғасына қатысты тың мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейуананың өзінің айтуы бойынша, өз балалары қолын сындырып, соққыға жыққан. Осылайша, әжейдің пайымынша, оны өз үйінен қуып шықпақ болған.

Олар маған төртінші рет келді. Бұған дейін олар маған қол көтермеген. Бірақ, үнемі тіл тигізіп, қорлаумен болды, - деп атап өтті Алтынкүл Асқарова.

71 жастағы зейнеткер өз туыстары үстінен полицияға арызданды. Өз кезегінде полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бірақ жәбірленушінің қыздары өз анасына қол көтермегенін айтып, ант-су ішеді.

Мұның бәрі жала. Ол өтірік айтады. Оны біздің әпкеміз - Зағипа осылай сөйлетіп қойған. Оған ешкім тиіскен жоқ. Зағипа төртеуімізді үйден шығарып жіберді. Біз содан кейін үнсіз кетіп қалдық. Ал оқиға орын алған күні біз тағы да үйге келдік. Бірақ бізді ішке кіргізбеді. Екеуі есікті итеріп тұрып алды, не болғанын білмейміз, мүмкін қолын қысып алған шығар. Біз білмейміз. Содан кейін біз кетіп қалдық, - деді зейнеткердің қызы Бағила.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!