Қапшағайда жоғалған 4 жасар бүлдіршін табылды

23:13, 25 мамыр 2020

Бір сәтке кішкентай қызын көзінен таса қылған анасы оны жоғалтып алған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйел өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген "Бүркіт 258" патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде бір сағат ішінде қыз көрші шағынаудандағы жүру бөлігінің бойынан табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды", - дейді Қапшағай қаласы полиция басқармасының бастығы полиция майоры Манат Айтмуханбетов.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы және мұқият болуға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!