Қапшағайда теміржолдың бойында денесі екіге бөлінген мәйіт табылды

12:23, 11 қазан 2018
429

Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласындағы теміржолдың бойынан денесі қақ ортасынан бөлінген ер адамның мүрдесі табылды. Қазір оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер ватсап желісі арқылы тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суретте ер адамның мәйітінің жанында шөлмек пен оның сыртқы киімі жатқанын анық көруге болады.

Қапшағай қалалық әкімдігі оқиғаны растады. Олар берген мәліметке сәйкес, жантүршігерлік жағдай қазанның сегізі күні күндізгі сағат 9:50-дер шамасында болған. 1982 жылғы Нұрлан К.Ж. есімді азаматты тепловоз қағып кеткен.

Берілген ақпараттың ішінде, қайтыс болған азамат казинолардың бірінде ойнап, жеңіліп қалған. Марқұмның мүрдесі табылған жерден «Мороша» ішімдігі, «Ричмонд» темекісі және сыртқы киімі табылған. Денесі қақ ортасынан бөлінген азамат Қарасай ауданының тұрғыны екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!