Қапшағай тас жолында ауыр жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты

19:35, 30 қаңтар 2023

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысында тас жолда көлік апатқа ұшырап, іле-шала өртеніп кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қаңтарда Қапшағай тас жолының 54 шақырымында Ford Mondeo мен бизнес кластағы Mercedes-Benz соқтығысты. Салдарынан Ford жолдан кюветке ұшып түсіп, өртеніп кетті.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан екі адам опат болды. Ford көлігінің жүргізушісі қалай көз жұмғанын полиция нақтыламады. Ал оқиға куәгерінің айтуынша, ер адам көлігімен бірге өртеніп кеткен.

Mercedes жүргізушісі соққыдан кейін рөлді басқара алмай қалған, көліктің доңғалағы жұлынып кетіп, бірнеше рет жолды бөліп тұратын кедергіге соғылған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 


Жол апаты

Сурет: Zakon.kz


Жол апаты

Сурет: Zakon.kz


Жол апаты

Сурет: Zakon.kz


Жол апаты

Сурет: Zakon.kz


Қайғылы оқиға

Сурет: Zakon.kz


Қапшағай тас жолы

Сурет: Zakon.kz


Жол апаты

Сурет: Zakon.kz


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!