Қаңтарда суға кеткен баланың денесі наурызда табылды

17:18, 19 наурыз 2018

Биылғы жылдың 31 — ші қаңтарында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында Арыс өзеніне абайсызда құлап кеткен 7 жасар жеткіншектің мәйіті табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

2011 жылы туған балақайдың денесін іздеуге ОҚО ТЖД «ОСО» МБ ның 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы, ОҚО ТЖД «СП және АСР» МБ ның 4 қызметкері мен 4 техникасы, жергілікті ІІБ-ның 1 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған еді.

Бір жарым айға созылған іздеу жұмыстарына суға кеткен жеті жасар жеткіншектің алты туысы да атсалысқан. Ата — анасының өтінішімен құтқарушылар 7 рет іздеу жұмысын жүргізген. Баланың денесі 15 науырзда табылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!