Қаңтар оқиғасына қатысқан 23 азаматты үтік басу арқылы азаптағаны дәлелденді

13:31, 9 тамыз 2022

Нұр-Сұлтан. 9 тамыз. 7kun.kz – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Бас прокуртураның мәліметінше, азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!