Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

18:51, 30 қаңтар 2023

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының міндетін атқарушы; бас маманы; сарапшысы.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.

2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.

2021 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып келді. 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!