Қанат Таймерденов Алматы ПД басқарған кездегі жұмысына тоқталды
© Сурет: Facebook/Канат Таймерденов
Алматы қалалық ПД бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамының жанқиярлық және кәсіби қызметі үшін алғысын білдіріп, алматылықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі жарым жыл бойы біз бірге еліміздің ең ірі шаһарында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін тығыз жұмыс жасадық. Менің тәжірибемде, бұл, қаладағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға және жазатайым оқиғаларды азайтуға мүмкіндік берген қоғаммен ең жемісті ынтымақтастық болды десем де болады, - деп жазды Қанат Таймерденов Facebook парақшасында.
Алматы ПД-ның экс-басшысының айтуынша алматылықтармен бірге қалалық қоғамдық көліктерді, жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді, азаматтардың жаппай жүретін орындарын, сондай-ақ тергеушілер, анықтаушылар мен жедел уәкілдердің кабинеттерін қамтитын бейнебақылау жүйелерін кеңейту мәселелері де шешілді.
Сонымен қатар, Таймерденов еске түсіргендей, Алматы полициясының қызметтік үлгіге көшуінің аралық қорытындылары шығарылды.
Қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, таяу болашаққа арналған басым жоспарлар белгіленді. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде Алматыда қылмыстық жағдай тұрақты және бақылауда. Әлі де атқарылатын жұмыстар бар екендігі рас. Қанат Таймерденов
Таймерденов бірлескен жұмысы үшін алматылықтарға алғысын білдірді.
Сіздерді алдағы уақытта да қаладағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге белсенді атсалысуға шақырамын. Бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын. Алматы қаласы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамына жанқиярлық және кәсіби еңбектері үшін ерекше алғыс айтамын. Қанат Таймерденов
Қанат Таймерденовтің 2020 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген Алматы полиция департаментінің бастығы қызметінен кеткені 25 маусымда белгілі болды.
Сол күні Қазақстанның Ішкі істер министрі Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына басшылық қызметке ауыстырылып жатқанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:17, 20 сәуір 2024
«Шаңды дауыл тұрады». Еліміз бойынша 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
16:08, 20 сәуір 2024
Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды
-
15:20, 20 сәуір 2024
Жанарыс Рахметқали дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
15:15, 20 сәуір 2024
Қазақстан спортшылары каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды
-
15:09, 20 сәуір 2024
Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді