Қанат Ислам көп балалы анаға баспана сыйлады
15:47, 20 қыркүйек 2019
573
Танымал кәсіпқой боксшы жекпе-жек кештерінен түскен табысының бір бөлігін көпбалалы анаға баспана сыйға тарту туралы шешім шығарған. Ал пәтер кілтін табыстау рәсімі тосыннан болды, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
"Отандық промуотерлік компания өкілдері мен қайырымдылық қорының белсенділері Гүлшат Баяділованы елордадағы пәтерлердің біріне әңгімелесуге шақырып, күтпеген жерден сол арада үйдің кілтін сыйға тартты. "Күміс алқа" иегері бұған дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. Енді қайырымды жандардың арқасында жалғызбасты ана екі бөлмелі баспананың иесі атанды", - дейді телеарна тілшісі.
Баяділова Гүлшат, "Күміс алқа" иегері:
- 10 бала тудым негізі. Қазір 8-і бар, екеуі қайтыс болды. Осы 8 баланың ортасында жүріп жатырмын. Аздап тағдырдың қиындығына түсіп, бірақ, мойымай келе жатырмын. Бәріңе рахмет. Алладан қайтсын.
Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:
- Енді біз елдің азаматы болған үшін әр жарыс сайын осылай көмек жасаймыз. Біздің мақсатымыз - осындай жандарға жәрдем жасау. Қазақта мақал бар: "Батыр болсаң жауға пайдаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін", - дейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:26, 18 сәуір 2024
Абай облысында екі адам құтқарылды
-
09:16, 18 сәуір 2024
Жылыой ауданында тұрғын үй мен ғимараттарды су басты
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді